ЗЕРТАС АУЫЛЫНЫҢ ФОРУМЫ

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » ЗЕРТАС АУЫЛЫНЫҢ ФОРУМЫ » БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР! » ЗЕРТАС АУЫЛЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚЫЙЫНДЫҚТАРЫ!


ЗЕРТАС АУЫЛЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚЫЙЫНДЫҚТАРЫ!

Сообщений 1 страница 2 из 2

1

“Халық үні” айтып еді...
ХАЛЫҚТЫҢ СҰРАНЫСЫ
БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Төлеби ауданына қарасты
Зертас елдімекені халқы
тығыз орналасқан ауылдар
қатарында. Сондықтан, мұнда
екі бірдей білім беру мекемесі
жұмыс істейді. Қосан Мамытов
және Шомшақты атындағы
бұл мектептер "КХ-82”
облыстық маңызы бар жол
бойына орналасқан. Өкінішке
орай, осы күнге дейін тиісті
жол белгілерінің болмауы
салдарынан, оқушылардың
көшеден өтуі қауіпті
жағдайға айналып келеді.
Тіпті, бірнеше жасөспірімнің
осы жолдардан өтеміз деп
өздерін жазым еткен
оқиғалары да кездескен.
Сондықтан, бұл жағдай ауыл
халқын алаңдатқан өзекті
мәселеге айналып отыр.
Жуырда Зертас ауыл округі
әкімінің халық алдында есеп
беруінде де осы мәселе
көтеріліп, тұрғындар мектеп
алдындағы көшеге жасанды
жол кедергілерін орнатуды
сұранды. Бұл жиынға Төлеби
аудандық мәслихатының
депутаты, "Халық үні” газетінің
бас редакторы Жеңіс Опышев
мырза да қатысқан болатын.
Әрине, адам өмірі — бәрінен
қымбат құндылық. Сондықтан,
ауыл халқының бұл жағдайға
алаңдауы — өте орынды деп
санаймыз. Мәселенің тез және
оң шешімін табуы үшін біздің
басылым бұл жайлы ОҚО
Жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары
басқармасының бастығы
Әбілсейіт Рабаевқа арнайы
ұсыныс хатпен шығуды жөн
деп тапты. Жуырда
редакциямызға аталмыш
басқарманың бастығының
орынбасары П.Тұрсынбаевтан
жауап хат келді. Жауап мәтіні
төмендегідей:
"Халық үні” газетінің бас
редакторы Ж.Д.Опышевке
Сіздің 2011 жылғы24
қаңтардағы №1 хатыңызға
сәйкес төмендегіні
хабарлаймыз:
2010 жылы Төлеби ауданы
бойынша 69,5 кума метр
"Жасанды кедергі” оның
ішінде 3 мектеп алдына және
қауіпті жерлерге орнатылды.
Сонымен қатар, ағымдағы
жылы Төлеби ауданы
бойынша жоспарланып
отырған облыстық маңызы
бар автомобиль жолдарына
жасанды кедергі орнату
барысында, Сіздің сұранысы
бойынша Төлеби ауданы
Зертас ауылындағы Қосан
Мамытов және Шомшақты
атындағы орта мектептері
алдына қажетті жасанды
кедергіні ағымдағы жөндеу,
күтіп ұстау және
көгалдандыру
жұмыстарының есебінен
орнату жоспарлануда.
Алайда, қазіргі таңда
басқарма тарыпанан
мемлекеттік сатып алу
конкурсы өткізілуіне
байланысты, аталған
жұмыстар мердігер мекеме
анықталған соң орындалады.
Сонымен қатар, Сіздің
хатыңыз басқарма
бақылауына алынғанын
хабарлаймын”.
Жоғарыдағы хат мәтінінен
түсінгендеріңіздей, жуық арада
бұл мәселе өз шешімін табатын
болады. Зертастық ағайындарға
сәл уақыт төзімділік танытуға
тура келеді.

0

2

Такие вопросы сейчас для многих стали актуальными

0


Вы здесь » ЗЕРТАС АУЫЛЫНЫҢ ФОРУМЫ » БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР! » ЗЕРТАС АУЫЛЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚЫЙЫНДЫҚТАРЫ!